Бөбекжай туралы

Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы

 Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты «Нұрата» бөбекжай- бақшасы жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі  өз жұмысын 2014 жылдың   желтоқсан айының  10-ші жұлдызынан бастады.

«Қазақстан Республикасы    Үкіметінің  28 мамырдағы №488 Қаулысымен бекітілген  «Балаларды мектепке дейінгі тәрбие      мен оқытумен қамтамасыз ету  жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан»  бағдарламасының  аясында ашылды.

Заңды   тұлға ретінде 2013 жылдың  ақпан айының 1- жұлдызымен  Жарғы бекітіліп, 2018 жылдың 7-ақпанында (республикалық маңызы бар қала статусына ауысуы  себебімен)  қайта жаңартылды.

Мемлекеттік тіркеу 2013 жылдың 7-ақпанындағы  бизнес сәйкестендіру 130240009165  нөмері берілді.

Шымкент қаласы  Білім басқармасына қарасты «Нұрата» бөбекжай-бақшасы» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігінің 2018 жылғы    01 маусымдағы   № 52  бұйрығы  негізінде   меңгерушісі етіп  Утелова Жанагуль Бердіханқызы тағайындалған.

«Нұрата» бөбекжай-бақшасы» Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Шымкент қаласы Абай ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2011 жылғы  20желтоқсандағы №902 бұйрығымен бекітілген №199/е нысанды медициналық құжаттамасы. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптары санитарлық қағидаларына сәйкес келеді.

1). 2014 жылдың 18-қарашадағы №17116-5-477 санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы берілген.

Бөбекжай-бақша өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Еңбек Кодексін т.б. нормативтік – құқықтық  актілерін, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымының жарғысын басшылыққа алады.

Шымкент қаласы  Білім басқармасы «Нұрата» бөбекжай-бақшасы» ЖШС Жарғысы негізінде Шымкент қаласы  Әділет департаменті Абай ауданының  Әділет басқармасының 2013 жылғы 22 қазан алғашқы тіркеу күніндегі құжаты Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы БСН 131040018407 бизнес сәйкестендіру нөмеріне сәйкес анықтамасы берілген.

Жұмыс мемлекеттік тілде жүргізіледі. Жобалық қуаттылығы 74 орын, сыйымдылығы 74 балаға арналған 5 топ ұйымдастырылған, онда тізім бойынша бала саны 74 құрайды. Әр топ  толық жабдықталған ойын  бөлмелер, жатын бөлмелер мен тазалық гигиеналық орындары бар.

Аула ағаштармен  көгалдандырылған, таза ауада ойнап, өсу жағдайы қарастырылған, және ойын алаңы, серуендеуге арналған арнайы орындар  бар.

Әрбір топта жеке жатын, ойын, әжетхана және ас тарататын бөлмелері бар.

Арнайы бөлінген даладағы  алаңдарда ойын құралдары орналасқан, бөбекжай-балабақшамыздың іші 2022 жылы ағымдағы жөндеуден өткен, бүгінгі таңда сырты жаңартуды талап етпейді.

Су, жылу, электр, интернет желісі, толық талапқа сай қарастырылған. Жұмыс уақыты 10,5 сағат (8.00-18.30 дейін) 5 күндік. Арнайы   асхана, ас тарату бөлмесі бар. Қойма, кір жуу, от жағу бөлмелері орналасқан. Ас дайындау, кір жуу бөлмелері, азық-түлік сақтау қоймалары қажетті техникалық құралдармен жабдықталған.

 

Балалардың балабақшаға қабылдануы туралы:

  Қазақстан Республикасы  Білім  және Ғылым Министрінің  №172 бұйрығына сәйкес  балаларды балабақшаға орналастыру, ата-ана тарапы жеке құпия кілтімен indigoindigo.shymkent порталына электронды кезекке тұрады.

Бөбекжай-балабақша әкімшілігі  балаларды Шымкент қаласы Білім басқармасының — garden.kz электронды жолдамасы бойынша 1 жастан бастап қабылдайды.

Балабақша жұмысын 8.00-де бастап, кешкі сағат 18.30-да аяқтайды.

Жұмыс 5 күндік жұмыс жүйесіне негізделген.

Тамақтандыру үш мезгіл жүргізіледі.

Жалпы мәліметтер:

 Мекенжайы: Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ынтымақ мөлтекауданы, Жаңақұрылыс көшесі, 7468/1.

  1. Индексі: 160027
  2. Телефон: 8 7789900310
  3. E-mail: Nurata_dms@mail.ru
  4. Бөбекжай-балабақша атауы «Нұрата» бөбекжай-балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
  5. БСН: 131 040 018 407
  6. Бөбекжай-балабақша Жарғысы 2018 жылдың 7-қыркүйекте өткен.
  7. Алғашқы мемлекеттік тіркеу күні: 2014 жылғы  10желтоқсан.
  8. Қызметті жүзеге асыру туралы хабарламаны  тіркелген кіріс нөмірі: KZ04RVK0003863; берілгені күні: 22.10.2013 жыл.
  9. Ғимараттың салынған жылдары: 2012ж, 2014жж.
  10. Оқыту тілі: қазақ тілі.
  11. Жер көлемі:0,0407 га.
  12. Ғимараттың ауданы: 891 ш.м.
  13. Пайдалануға берілген  уақыты: 2014 жылғы 10желтоқсан. Тұрғын емес үй-жайдың ауданы: 139,8 ш.м
  14. Ғимараттың түрі: Ыңғайластырылған, екі қабатты  ғимарат.

Жобалық қуаты: 74 орын.

Phone: +7 778 990 0310
Шымкент қаласы, Ынтымақ ауданы, Жаңақұрылыс көшесі, 7468/1 үй